Single Blog Title

This is a single blog caption

ФК «Нурберген» победитель турнира памяти Кулгазиева С.

Жылыой ауданы спорт және дене шынықтыру бөлімі және «Мако» ЖШС-і бірлесіп, 30 тамыз, 1-2 қыркүйек аралығында «Мако» футбол құрама командасының құрылтайшысы, Жылыой ауданының спорт жанашыры, көптеген спорт шараларының демеушісі Құлғазиев Салават (Мако) Келбатырұлынын еске алуға арналған футболдан облысаралық ашық турнир Құлсары қаласының орталық стадионында өтті.

Ашық турнирге Ақтөбе қаласынан «Жас ұрпақ» командасы, Маңғыстау облысынан «Боранқұл» командасы, Атырау қаласынан «Нұрберген» және «Достар» командалары, Аққыстау және Мақат поселке құрама командалары, Жылыой ауданынан «Мако», «Құлсары» және «Қосшағыл»  құрама командалары қатысқан болатын.

Турнирді ашылу салтанатына Құлсары қала әкімі Кейкін Шәкір Кейкінұлы, көптеген спортшылар, еліміздің танымал тұлғалары, Құлғазиев Салават достары және туыстары келген болатын. Турнирдың арнайы қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері,  Құрмет орденінің иегері, жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемге танымал боксшы Әлібек Сәбитұлы Ниязымбетов ашылу салтанатына қатысты.

Үш күнге созылған ойындар өте тартысты және қызықты өтті. Үшінші орынға тартыста Атырау қаласының «Достар» құрама командасы мен Ақтөбе қаласының «Жас ұрпақ» командасы негізгі уақытта тепе-тең түсіп, пенальти бойынша 5:4 есебімен «Достар» құрама командасы мергендік танытып, жүлделі үшінші орынды және 200 000 теңгелей сыйлықты иеленді.

Финалда Атырау қаласының «Нұрберген» командасы алаң иелері «Мако» командасынан 1:0 есебімен басым түсіп, «Мако» құрама командасы екінші орын және қаржылай 300 000 теңге алса,

Бірінші орынды және бас жүлде 500 000 мың теңгені «Нұрберген» командасы иеленді.

Ұйымдастырушы алқасының шешімімен үздік қақпашы атағын және бағалы сыйлықпен «Жас ұрпақ» командасының қақпашысы  иеленді, үздік шабуылшы атағын «Нұрберген» командасының шабуылшысы Ғабдуллин Бахтияр иеленді, осы турнирдің үздік ойншысы болып «Мако» шабуылшысы Купиев Мейіржан танылды.

Аталған турнирдің демеушісі «Мако» ЖШС-і және Құлғазиевтар жанұясына футбол сүйер қауым атынан алғысымыз шексіз.

 

Құлсары Футбол Федерациясы тете-президенті Агисов Талғат Аманұлы