Single Blog Title

This is a single blog caption

«Атырау» ардагерлер командасы ҚР спартакиадасының күміс жүлдегері.

15-18.09.22 ж. аралығында Орал қаласында 50 жастан асқан ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының спартакиадасы өтті. Шағын футболдан жарысқа Атырау ардагерлер құрама командасы қатысқан болатын. Құрама команданың қатарына Құсаинов Жексенбай (команда капитаны), Исмагулов Арыстан,Кушалиев Бекежан, Хасанов Шарапи, Мұханбеталиев Амантай, Амирханов Ғалым, Бектурсынов Жанболат, Айталиев Айбек, Рыспаев Мұрат, Айталиев Айбек,Кереев Исатай және жауапты Кисметов Маглумат шақырту алды. Осы құрама Атырау обылыстық іріктеу жарысын ұтқан болатын. Спартакиадаға мықты деген ҚР  обылысытарынан тоғыз командала қатысты. Ойындар «Динамо» стадионында өтті және өте тартысты болды.

Жарыстың бірінші ойыны алаң иелері Орал командасымен ойында Айталиев Айбектің соққан голы біздің жерлестерімізге жеңіс әкелді. Екінші ойында Кызылорда командасымен тең түсіп (0 : 0),топтың  соңғы ойыны Шымкентпен жеңімпаз анықталмады (1 : 1) (Рыспаев М). Соған қарамастан командамыз бірінші орынмен топтан шығып , жартылай финалда Қостанай құрамасымен ойнады, соңғы секундтарда Рыспаев Мұраттың соққан голы жерлестерімізді финалға шығарды.

Финалда сол турнирді бастаған Атырау- Орал командалары кері кездесті, ойын өте тартысты өтті, бірінші таймның аяғында комбинация орын алды Құсаинов -Айталиев — Кушалиев Бекежанның гол соғуымен аяқталды.Алаң иелері өз жанкүиерлері алдында барын салды, ойын бітуге санаулы минуттар қалғанда есепті теңестіріп кетті. Өкінішке орай пенальти сериясында Оралдықтар мергендік танытып жеңімпаз атанды, Бұл жолы алаң иелерінің жолы болып Атырау құрамасы күміс жүлдегер атанды.Ия бұлда болса ұлкен жетістік,ардагерлеріміз жас шамасына қарамай тамаша ойын өрнегін көрсетті.

Жеңістеріміз құтты болғай  баршамыздың!!!!