Single Blog Title

This is a single blog caption

Құлсары қаласында «Жигер» спорткешені ашылды.

Жылыойда алғаш рет заманауи «JIGER» спорткешені ашылды.
Ауданымызда футзал спорты өте жақсы қарқынмен дамып келеді, облыс
бойынша төрт жыл қатарынан Жылыойлықтар жүлделі бірінші орынды алып,
чемпион атағын бермей келді. Солардың ішіндегі Құлсарылық жергілікті
«Жігер» командасы. Ауыл жастарын жинап, спорттық киімдермен
жабдықтап, еліміздің түкпір-түкпір жерлеріне апарып, тәжірибесі мол
командаларымен үлкен турнирлерде күш сынап жүрген, еліміз бойынша
чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып жүрген бұл Құлсарылық «Жігер»
командасы. Жігер командасы кезінде 90 жылдары Құлсары қаласының
төртінші ауылдан бастап құралып, бүгінгі таңда қайта жандандырып жүрген
ауданымызға белгілі кәсіпкер, «2022 жылғы аудан жыл меценаты» атанған
, спортжанашыры Тулендиев Бекболат Аманкелдіұлы. Спорт кешенінде
барлық жағдай жасалып, заманауи паркет төселіп, стандартты футзал алаңы
және 300 көрермен тамашалайтын жағдай жасылынған. Кешеннің екінші
қабатында жаттығуға арналған барлық заманауи спорт жабдықтарымен толы.
Ашылу салтанатына арналған турнирге еліміздің Шымкент, Астана және
батыс Қазақстанның төрт облысының келген 16 команда келіп тартысты да
қызықты ойын көрсетті.
Төрт күнге созылған турнирде Астана қаласынан келген «Әмірхан»
құрама командасы жүлделі бірінші орынды және бас жүлде 1,5млн теңге
иеленді. Екінші орынды және 1млн теңгені жергілікті «Асылжан» құрама
командасы алса, үшінші орынды және 500мың теңгені Жылыойлық Қаратон
поселкесінің «Қаратон» құрамасы иеленді. Турнирдің ұйымдастыру
алқасына, төрешілерге, ойыншыларымызға, көрермендерге рақмет деп, және
де ерекше алғыс Бекболат ағамызға айтамыз.
Жеңісті күндерде кездескенше ағайын!!!