Single Blog Title

This is a single blog caption

«АLTYN SAMǴAÝ-2021». ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КОМАНДАСЫ» АТАНДЫ

12 желтоқсан күні Ұлттық Олимпиадалық комитет жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылады.

Елордадағы Конгресс орталықта Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Аltyn Samǵaý-2021» Ұлттық спорттық жүлдесін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Кеш қонақтары қатарында спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, мемлекет қайраткерлері мен спорттық ұйымдардың басшылары болды. Олардың қатарында ҚР Премьер-министрі Асқар Мәмин мен Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев та бар.

«Жылдың үздік командасы» атағын футзалдан Қазақстан құрамасы еншіледі. Биыл футзалшылар әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, төртінші орынға табан тіреген болатын. Салтанатты шараға Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака, команданың көшбасшылары Игита мен Біржан Оразов қатысты.