Single Blog Title

This is a single blog caption

«Жылы жүректер» қайырымдылық қоры жарыс өткізді.

Ағымдағы жылдың 12 қаңтар жұлдызында «Жылы жүректер» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Атырау» орталық спорт кешенінде Саят Сайфоллаұлы төрағалығымен мини-футболдан турнир ұйымдастырылды. Аталған қайырымдылық турнирден түскен 230 000 (екі жүз отыз мың) теңгелей қаржыны Аймұратова Назерке еміне жұмсалады. Турнирге «SALA», «Нұрсая», «Рауан Налко», «Махамбет ауданы», «Алмалы селосы», «Мерей», «Сұлу» және  «Veon» командалары қатысып, күш сынасты.

Қайрымдылық турнир өте тартысты және қызықты өтті. Жартылай финал кезінде «Нұрсая» командасы «Veon»  командасын 5:3 есебімен ұтып жүлделі үшінші орынға ие болса, финалда «SALA» командасымен «Сұлу» командасы 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти тебісуде «SALA» командасының ойыншылары мергендігін танытып, 3:2 есебімен бас жүлдеге ие болды.

Сонымен, жүлделі ІІІ орын «Нұрсая» құрама командасы иеленсе, ІІ орын «Сұлу» және І орын «SALA» құрама командалары иеленді. Аталған турнирге қаражат бөліп, жастарды футболға ынталандыру мақсатында жұмыстанып жүрген Аханов Нұржан секілді азаматтарға «Жылы жүректер» қайырымдылық қоры атынан алғысымызды білдіреміз. «Атырау облысы бойынша Футбол федерациясы» атынан қарындасымыз Аймұратова Назерке еміне шипа және мықты денсаулық, ата-аналарына сабыр, елімізге тыныштық тілейміз.