Single Blog Title

This is a single blog caption

МФК «Медина»- Жылыой ауданы біріншілігі 2018 жылғы жеңімпазы.

«Құлсары Футбол Федерациясы» ұйымдастыруымен аудан бойынша «Жылыой ауданы IV ашық лига чемпионаты» 16 маусым 2018 жылы басталып, екі айға созылған ойындар өз мәресіне жетті. Чемпионат арасында «Құлсары қаласы Кубогі» және ауданымыздың ең алғаш командасын шығарып, бүгінгі таңда облыс чемпионы болып, ауданымыздың футболын көтеріп жүрген «Өмірзақ» мекемесінің кубогін ұйымдастырғанбыз. Ең бастысы чемпионатымыз, жоғарыда аталған «Құлсары Кубогі» және «Өмірзақ кубогі» ойыншыларымыздың дене жарақатынсыз өтті. Бұл ойыншыларымыз үшінде, Федерация үшінде, көрермен және ойыншы жанұясы үшінде ең маңызды мәселе.

Ойындар Құлсары қаласы бесінші және бірінші ауыл арасындағы футбол алаңдарында болған. Күннің 42-44°С ыстығына қарамастан ойындар сағат 1600 де басталып, өте тартысты ойындар болып жүрді. Ойындарға төрешілік етуге Атырау қаласынан тәжірибелі төрешілерінің басшылығымен ойналды. Биыл 2018 жылы «Құлсары Футбол Федерация» шешімімен ауданымыздың ойындарын нығайту және ауданымыздың ойыншыларының тәжірибе жинау мақсатында екі легионер (басқа ауылдан, қаладан, басқа мемлекеттен келген ойыншылар) қатыстыруымен рұқсат берілген болатын. Екі легионер қосқан себебін айта кететін болсақ:

  1. жергілікті ойыншыларымыз соларға қарап тәжірибе алу мақсатында;
  2. 5-6 легионерге рұқсат берсек ондай жағдайда өз жерлестеріміздің ойыны көрінбей қалар;
  3. Биылғы ойындар былтырғыдан күшейді, легионерлердің әдемі ойындарын асыға күтетін жанкүйерлерді болды.

Былтыр 2017 жылы «Жылыой ауданы III ашық лига чемпионатында» барлығы 24 команда болатын, биыл 2018 жылы команда саны 28ге жеткен, келесі 2019 жылы да көбейетініне күмәніміз жоқ. Биылғы чемпионатта жоғарғы және бірінші лига болып, бірінші лиганы екіге бөліп «А» және «Б» тобына бөлген болатынбыз. Себебі жоғарғы лигада 12 команда болатын. Бірінші лиганы екі топқа бөліп, топта бірінші орын алған командалар автоматты түрде жоғарғы көтеріледі, ал жоғарғы лиганың 11 және 12 орын алған командалары автоматты түрде төменге түседі. Бұл ойыншылар үшін үлкен стимул.

Жылыой ауданы IV ашық лига чемпионы болып екінші жыл қатарынан «Медина» құрама командасы иеленді, екінші жүлделі орынды «Геолог» құрама командасы (разведка ықшам ауданы) иеленді, жүлделі үшінші орынды «Казкомсервис» ЖШС құрама командасы иеленді. Аталған үш команда қыркүйек айында болатын Атырау қаласына облыстық чемпионатқа жолдама алды.

Айта кетсек «Жылыой ауданы IV ашық лига чемпионаты» жоғарғы лига командалар төмендегідей сатымен орналасты:

 
Жоғарғы лиганың екінші жыл қатарынан жеңімпазы «Медина» құрама командасы

Бірінші лига «А» группасы төмендегідей орналасты


Бірінші лигасының «Б» группасыБірінші лиганың жеңімпазы «Қамыскөл» құрама командасы


Осы жылғы сұрменгендері Құлсары қаласы Кубогін «Қамыскөл» құрама командасы иеленсе, «Өмірзақ» кубогін «Айнұрбек» құрама командасы иеленді.

 

«Құлсары Футбол Федерациясы» биылдан бастап Instagram және VK әлеуметтік жиелісінде kulsaryff атты парақшасында Жылыой ауданымыздың футболы туралы мәліметтермен таныс бола алатындығын ескертеміз.

Аталған командаларды құттықтау үшін Құлсары қаласының қала күніне арналған концерт кезінде ауданынымздың орталық алаңда, яғни ағымдағы жылдың 16 қыркүйек кезінде марапаттау және бағалы сыйлықтар табысталады. «Құлсары Футбол Федерациясы» басшылығымен үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы номинациялары бойынша сол марапаттау кезінде жарияланатынын есекертеміз.

«Құлсары Футбол Федерациясы» баспасөз хатшысы Агильманов Фархат Жаксыбаевич