Single Blog Title

This is a single blog caption

Кубок Акима Жылыойского района по мини- футболу среди детей 2006-2007 г.р. «Топ -Тоголок» — чемпион.

«Құлсары футбол федерациясы» ұйымдастыруымен Жылыой ауданы әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлы қолдауымен маусым айының 11-13 аралығында Атырау облысында алғашқы рет 2006-2007ж.т. балалар арасында xалықаралық турнир өткізілді. Қатысуға өтініш білдірген командалар:
1. АФ «Топ-тоголок» (Бішкек, Қырғызстан)
2. Астраxан құрама командасы (Ресей Федерациясы)
3. ФК «Ақтөбе» Ақтөбе қаласы
4. МФК «Мұнайшы», Маңғыстау облысы
5. МФК «Жаңаөзен», Жаңаөзен қаласы
6. МФК «Орал», Батыс Қазақстан облысы
7. ФК «Атырау 2007», Атырау қаласы
8. МФК «Құлсары», Құлсары қаласы.
Турнир өте тартысты және қызықты, көптеген әсерлі сәттерге толы болды. Күннің ыстығына қарамастан, жолдың ұзақтығына қарамастан, сонау 3000км Қырғыз елі, Бішкек қаласынан келген футбол академиясы «Топ-тоголок» басшыларына алғысымыз шексіз, айта кетсек академия басшысы Муканов Әміржан және академия бас бапкері Булгаков Валерий мырзаларға алғысымыз шексіз. Қырғыз жасөспірімдері келген еңбектерін ақтап, финалда ФК «Ақтөбе» 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалда Маңғыстау облысынан келген МФК «Мұнайшы» біздің Құлсарылықтарды 4:2 есебімен жеңді. Турнирде үздік қақпашы атағына Қырғыздық жасөспірім Азат уулы Амир, үздік шабуылшы Маңғыстаулық Серік Азиз алса, үздік ойыншы атағына Ақтөбелік Камалов Альазиз иеленді.
Сонымен,
І орын «Топ-тоголок», Бішкек
ІІ орын ФК «Ақтөбе»
ІІІ орын МФК «Мұнайшы», Маңғыстау облысы