Single Blog Title

This is a single blog caption

«Балаларға үй қажет» қайырымдылық футзал турнирі.

«Балаларға үй қажет» қайырымдылық футзал турнирі

17.02.2019 г.                                                                                                                    Спорткомплекс «Мунайши».

Бүгінгі «Балаларға үй қажет» қайырымдылық футзал турниріне 8 команда қатыс білдірді. «Бейбарыс», «Иманғали» мешіті, «Диар и Ко», » Бірлік 88″ командалары жоғары дайындықпен келгенімен жартылай финалға шығуға ұпайлары жетпеді. 3-ші орын үшін өткен ойында комадалар жеңімпазды пенальти сериясында анықтады. «РКтелл» мен «БАҚ» арасындағы лотереяда журналшылардың жолы болды. Ақтық ойында турнирдің ең мықтылары жолықты. «Атырау Жарық» пен «Заңгер» командалары негізгі уақытта 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 6:5 көрсеткішімен прокуратура қызметкерлері жеңісті жұлып алды. Қайырымдылық турнирі болады дегенде ең бірінші боп хабарласып, командасын жарысқа қосқан облыстың бас прокуроры Ернат Сыбанкулов мырзаға ұйымдастыру алқасының атынан алғыс білдіреміз және жеңіспен құттықтаймыз! Сондай ақ «Мұнайшы» ойын алаңын тегін ұсынған облыстық спорт басқармасы басшысы Ринат Ибрагимовке , үйымдастыруға көмек көрсеткен Атырау обылыстық футбол федерациясына рахметімізді айтамыз. Мемлекеттік мекемелердің халықпен бір жазықтықта болуы, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысуы өте маңызды оқиға деп санаймын. Футзалдан түскен 700 000 тенге көпбалалы отбасына үй салу мақсатында жер телімін алуға жұмсалады.

Ұйымдастырушы Арман Хайруллин.