А . Ищановты еске алуға арналған ардагерлер арасындағы жарыс өтті.
ИщановАмангелді Рахымұлын еске алуға арналған кіші-аяқ добынан
ардагерлер арасында ашық турнир ұйымдастырылды
Ищанов Амангелді Рахымұлы Ысық руы Майдан бөлімінен, 1948 жылы 11 наурызда Доссор поселкесінде дүниеге келген. 1963 жылдан бастап Жылыой ауданында «Нефтяник» футбол командасында өнер көрсеткен. Саратов, Оренбург, Москва қалаларына барып жақсы да, нәтижелі ойындарымен таң қалдырған.Ағамыз қарапайым көлік жүргізушісі болып, содан кейін темір жол саласында қара жұмыс жасасада, өзінің ұйымдастыру қабілеті жоғары болғандықтан, жасы үлкейген кезінде, ауыл жастарын жинап, футбол киімдерін үйлестіріп, футбол алаңдарын салдыртып, «Ембі» командасын жинақтап шығарған болатын. Қазіргі таңда шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде ойын көрсетіп жүр.
Амангелді ағамыз тірі болса 11 наурызда 70 жасын тойлайтын едік, Алла бұйырығымен ертерек айырылып қалып отырмыз.
Бүгінгі таңда Амангелді ағамыздың балалары ізін қуып микрорайон жасөспірімдерін жинап, футбол киімдерін үйлестіріп «Гала» командасын құрған болатын. Ищановтар жанұясында футбол бірінші орында тұрады.Ищанов Амангелдіні еске алуға арнап інісі Әбілхайыр, балалары Есбол мен Арман кіші аяқ добынан ардагерлер арасында жарыс ұйымдастырылды. Маңызды айта кететін жағдай, ардагерлер арасында ауданымызда бірінші рет болып тұрғанын, және бұл ардагерлер арасындағы жарыс жалғасын табатынын кепіл етеміз.
Аталған жарысқа ауданымыздан «Мерей» және «Бұлан»Құлсары ардагерлері, «Жастар»Жайсаңбаев Бекім ағамыз басшылығымен 1995-2005 жылдары кезінде жастар қоғамының ардагерлері, «Күзет» ішкі істер бөлімінің ардагерлері, «Жалын» екініші ауыл ардагерлері, «Қосшағыл» құрама командасы Қосшағыл ауылының ардагерлері, Доссор және Боранқұл құрама командаларының ардагерлері қатысқан болатын. Бұл командалардың ойыншылары, яғни ардагерлер жас кездерінде Амангелді ағамызбен бірге ойнаған болатын. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын ағаларымыздың ең жасы 37 жаста. Бұл Футбол тәртібі солай болып ұйымдастырылған. Ал ең үлкеніне келсек, бұл ағаларымыздың жасы 50ден асып, 60 таяп қалған, атап айтсақ 60 жастағы Акдрашев Нұх, 56 жастағы Ербусинов Қайрат, 50 жастағы Сейтимов Ерболат сынды ағаларымыз бар. Жастары алпыс жастан асса да, жан-жақтан келіп, терлеп-тепшіп, рахаттанып жүгіріп, жақсы ойындар көрсетті. Футбол ойынын былай қойғанда, көптен көрмеген ардагерлер бір-бірін көргенде құшақ жайып қарсы алып, кезінде бірге ойнап-күліп жүрген кездерін еске алып, бір рахаттанып қалды.
Екі күнге созылған жарыс өте тартысты және қызықты өтті, екі топқа бөлінген сегіз команданың арасынан үшінші орынды Құлсары қаласы, екінші ауылдың ардагерлері «Жалын» командасы иемденіп, қаржылай сыйлық 50 000 теңге алды, екінші орынды 70 000 теңгесімен «Боранқұл» құрама командасы жеңсе, бірінші орынды, яғни кубокты 100 000 теңгесімен «Доссор» құрама командасы алды.
Бұл жарыста үздік шабуылшы граммотасымен, бағалы сыйлық және қаржылай сыйлықты «Боранқұл» командасының ойыншысы Аранғалиев Жәйлібек иемденді. Үздік қорғаушы атағын, граммота және қаржылай сыйлықты «Күзет» құрама командасының ойыншысы Теңізбаев Аман алды. Үздік қақпашы атағын, граммота және қаржылай сыйлықты Доссор құрама командасының Бектұрсынов Амантай алып, үздік ойыншы атағын екінші ауылдың футбол ардагері, «Жалын» құрама командасының ойыншысы Мұсағалиев Қайрат иемденді. Турнир жабылу сәтінде Акдрашев Нұх, Жайсаңбаев Бекім, Есенғазиев Серік, Бекенов Абзал, Сейтимов Ерболат жәнеде «Боранқұл» ардагерлер командасының бас бапкерлері мен ойыншылары, Амангелді ағамыздың кезінде бірге ойнаған шәкірттері мен достары 55 жастағы Қонысов Берік және 49 жастағы Құсаинов Аманжан сияқты ағаларымызға бағалы сыйлықтар мен естелік табыс етілді.
Аталған турнирді қаржылай демеушілік көрсетіп, және ұйымдастырушы Амангелді ағамыздың балалары Есбол мен Арман ағаларымызға, турнирді қолдау көрсеткен Жылыой ауданы спорт және дене тәрбие басшысы Баймұратов Сансызбай мырзаға, және де ардагерлерге, соның ішінде басқа елді мекендерден келген ағаларымзға алғысымыз шексіз. Турнир ойыншылардың ешбір жарақатсыз, өте жақсы деңгейде, қызықты да, көңілді өтті. Футбол ардагерлеріміз бай-қуатты болсын, еліміз тыныш және нанымыз мол болсын деп, келесі ардагерлер жарысында кездескенше!!!
Ұйымдастырушы «Құлсары Футбол Федерациясы» вице-президенті Агисов Талғат Аманұлы