Single Blog Title

This is a single blog caption

Жеңімпаздар марапатталды.

Құрметті спортшылар мен жанкүерлер.  Биыл жылдағыдай мәдени және спорт шараларға толы жыл болды. Үлкен табысты шарыстар көп болды. Атырау спортшылары көптеген жарыстарда еліміздің көк байрағын желбірете көтерді. Спорттың дамуы жақсы қарқын алды, көптеген спорталаңдары мен спорт ғимраттары салынды. Жақында ғана Томарлы селосында Европалық станждарттарға сай стадион қосылды. Спорт ойындарының қатарында  ең қол жетімді спорт түрі болып табылатын футбол спортты . Футбол федерациясы өз қатарында әуесқой командалар мен балалар командалары арасында 6000 жуық адам шұғылданады.  2017 жылы Атырау қаласының XIV -ашық біріншілігі  Халел Досмухамбетов атындағы  университет стадионында өтті. Жарысқа тоғыз команда қатысты,  командалар тартысты ойындар көрсетті. Жарыстың қортындысы бойынша жүлделі  3 орынды Нұрберген командасы иемденді.

ФК Нұрберген 2016 жылы ақпан айында құрылған. Биыл команда жұлделі  орынмен бірге Атырау қаласы Кубогін ұтып алды. Команданың бас демеушісі Нұрлыбай Болатбек Нұрлыбайұлы. Команданың бас бапкері Сарбаев Беріккали Куангалиқлы. Команданың үздік ойыншылары. Касымов Бауржан, Олжагалиев Нұрсұлтан, Ищанов Дастан,Купиев Мейржан,Татишев Бейбит,Акмурзиев Бекназар,Абдешев Талгат, Сундеткалиев Аслан,Кокалов Нуржан.

XIV-ашық біріншілігінің  күміс  жүлдегері Достар командасы атанды .Достар командасы 2010  жылы құрылған. 2015 жылы Атырау біріншілігінің қола жүлдегері. 2016 жылы Атырау облысы чемпионы. 2017 жылғы Теміртау қаласында өткен Казақстан Республикасы біріншілігіне  қатысып 5 орынға ие болды. Команданын демеушісі РК-тел компаниясы.Команда бапкері Тулешев Аслан. Команданың үздік ойыншылары Нсанов Ильяс, Мухитанов Арман, Галиев Артур.

Атырау қаласы 2017 жылғы ашық біріншілігін алтын медальдарын Сазанқұрақ командасы ұтып алды. Команда 2014 жылы құрылған 2017 жылға дейін команда ФИОК болып аталды. 2016 жылғы біріншіліктің күміс жүлдегері. Сазанқұрақ командасы 2017 жылы Павлодар қаласында өткен Казақстан Республикасы Кубогіне қатысты. Команданың бас демеушісі Сазанкқұрақ ЖШС компаниясы Бас директоры , Атырау қалалық маслихат депутаты, Атырау обылысы Кикбоксинг федерациясының президенті Семғалиев Алібек Аманжанұлы.

Команданың  үздік ойыншылары Есеньязов Талап, Мутиголлаев Азамат,Кауанов Раимбек,Мадиев Нурсултан,Сейткалиев Асылбек,Бертаев Нурбол.

Команданың бас бапкері Дощанов Ануар, Менеджері Усеев Асантай

Осымен қатар ұйымдастыру алқасы және Атырау обылыстық федерациясы үздік ойыншыларды атады.

2017 жылгы Үздік қақпашы болып Мутиголлаев Азамат танылды Сазанқұрақ командасы

2017 жылгы Үздік қорғаушы болып Галиев Артур танылды Достар командасы

2017 жылгы Үздік жартылай қорғаушы болып Олжагалиев Нурсултан танылды Нұрберген командасы

2017 жылгы Үздік шабуылшы болып Касымов Бауржан танылды Нурберген командасы

2017 жылгы Үздік сұрмерген шабуылшы болып Купеев Мейржан танылды Нурберген командасы

2017 жылгы Ең Үздік ойыншы  болып Сейткалиев Асылбек танылды Сазанқұрақ командасы

2017 жылгы Үздік төреші болып Республикалық дәрежедегі төреші Султангалиев Руслан танылды.