Single Blog Title

This is a single blog caption

Мейірімді жүрек.

Медет Габбасов — өмірге құштарлы жасөспірім. Ауыр дертке шалдығып, жас  кезінен қиындықтарды жеңіп келеді. Медеттін асыл арманы- көз жанарының отын қайта жандырып,  алаңсыз балалық шаққа оралу.

Осы арманды жүзеге асыру- қайырымды жандардың жұмыла кете қол ұшын беріп, қамкөңіл жанға көмектесу болып табылса керек.

Осындай шараға қатысып, басына қиындық туып ауыр халге душар болған жасөспірімге мейірімділік танытуға  Атырау облысының «Каспий Нұр»  футбол команда мүшелері көмек қолын созды.

Медеттің еміне  жинау мақсатында Каспий-Нұр футбол командасы атынан команда басшысы Руслан Курашев әкесі Болатқа  300 000 теңге табыс етті.

Өткен  қайырымдылық  шарада  қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.

«Каспий Нұр» командасының азаматтарына адамгершілікті биік ұстап,  қолдан келген жәрдемін ұсынып, адамзат пейілдерін танытқаны үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!