Турнир по мини- футбол среди детей 2005-2006 г.р. Кубок АО «Эмбамунайгаз»
«Эмбімұнайгаз» Акционерлік қоғамының 95- жылдығына орай
футзалдан 2005-2006 жылы туылган балалар
командалары арасындагы обылыстық турнир
ЕРЕЖЕСІ
- I. Мақсаты мен міндеті.
1.1 Жастар арасында мини- футбол спорт түрін көпшілікке тарату.
Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ең күшті команда мен ең күшті ойыншыларда анықтау.
II- Өткізу мерзімі.
- Турнир 16-17 қараша күндерi «Атырау спорткешенi» залында отедi. Ойындар 16 қараша күні 12-00 сағатта басталады.
- Ойындар өткізу кестесі бойынша өтеді.
III- Жарысқа шақырылған командалардың құрамы.
3.1 «Атырау 2006», «Жылыой», «Курмангазы» ,»Мақат», «Махамбет», «Геолог», «Қызылқоға», «Асқар», « Аққыстау» командалары қатысады.
3.2. Жарысқа қатысушы командалар төрешілер алқасына өтініш тапсырады.Ойыншылар саны 12 адамнан аспауы керек.
IV.Өткізу регламенті.
- Біріншілік айналым жүйесі бойынша , бір айналымда екі группада отедi. Бірінші және екінші орын алған командалар жартылай финалға шығады.
- Ойын кестесі командалар санына байланысты жасалады.
- Жеңімпазды анықтау кестесі.
5.1. Ең көп ұпай жинаған команда группадан шығады финалдық ойынды ұтқан команда жеңімпаз атанады.
5.2.. Әрбір ұтысты ойынға 3 ұпай , тепе тең жағдайда – 1 ұпай , ұтылған команда- 0 ұпай.
- Егерде үш немесе одан көп командалар арасында тепе теңдік болса , онда жүлдегер келесі
көрсеткіштер арқылы анықталады:
Өзара ойындағы ұпайдың саны
Өзара ойындағы соғылған доптың саны
Соғылған доптың саны
- Ойынның ережесі.
- Ойын әлемдік футзал ойнына қолданылатын барлық ережеге сәйкес өтеді.
- Ойын 15 минуттан екі тайм, 10 үзіліспен өтеді.
- Әрбір команда әрбір таймда минуттық тайм- аут алуға қақысы бар.
- Бір таймда бес және оданда көп фол жинаса сол команданың қақпасына 10 метрлік пенальти тебіледі , жәнеде ол фол болған жерден соғыла алады.
- Бесінші алаңдағы футболшының бейтарап киім нысаны болуы кажет.
- Ережеге сәйкес ойынның қортындысы бойынша және тәртіп бұзу туралы қарсылық білдіру туралы командалардың арзы ойыннан кейін 3 сағат ішінде қабылданады.
VII. Команданың өтінімі.
- Командалардың тапсырысы төрешілер алқасына 15 қарашаға дейiн тапсырылуы тиiс.
- Біріншілікке қатысатын команданың тапсырысында 12 футболшыдан артық 10 футболшыдан кем болмауы тиіс .
- Командалар тапсырысына жатықтырушы және команда басшысы кіргізілуі тиіс.
VIII. Қаржы шығындары.
- «Ембімұнайгаз» Акционерлік қоғамы жеңімпаздарды кубоктармен, медалдар, дипломдармен марапаттайды. I- орынға ақшалай 150000 тенге, II- орынға 100000 тенге, III- орынға 50000 тенге сыйлықтар табыс етіледі. Үздiк ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
- Атырау облыстык футбол федерациясы жарысты үйымдастыруын, төрешілік етуін басшылыққа алады.
X.Ұймдастыру алқасы.
Мекен жайы: Атырау қаласы Досмухамедов көшесі 139 «а»
Телефондар 317444. Сот.8701 5330304 эл.почта : atyrau_ff@mail.ru
Жарыс жөніндегі бар ақпаратты www.atyrauff.kz саитында.