Single Blog Title

This is a single blog caption

АЛМАТЫДА ФУТЗАЛДЫҢ ТӨРЕШІЛЕРІ МЕН ИНСПЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ФИФА СЕМИНАРЫ ӨТТІ

21-25 қараша аралығында «Талғар» оқу-жаттығу орталығы мен «Қайрат» клубының базасында футзалдың төрешілері мен инспекторларына арналған ФИФА семинары ұйымдастырылды.

Бес күнге созылған білім беру бағдарламасын танымал ФИФА нұсқаушысы, испаниялық Педро Галан Ньето жүргізді. Оған қазақстандық фитнес-нұсқаушы Светлана Кучина көмектесті. Испаниялық маман Қазақстанға осымен үшінші рет келіп отыр.

Іс-шара білім беру бағытында болғанымен төрешілер мен инспекторлар үшін толық оқу-жаттығу жиынына айналды. Теория мен практика сабақтары өтіп, видеоқаралым және ойын ережесіне енгізілген соңғы өзгерістер талқыланды. Жалпы саны семинарға 32 төреші мен 7 инспектор қатысты. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға ФИФА сертификаттары тапсырылды.

Атыраудың үш төрешісі Шаухаров Төлеген, Хусаинов Ильяс, Калмыков Дмитрий ФИФА сертификатын иеленді.