«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы интернат балаларымен кездесті.
: Adamak
17 қаңтар күні «Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы С.Қазыбаев атындағы балалар интернатына барып, балалармен кездесті.
Қазіргі таңда интернатта 48 бала тәрбиеленуде. «Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы интернатқа сыйлық есебінде 2015 жылы үлкен футболдан екінші орын алғандары үшін Атырау облыстық футбол федерациясы тарапынан берілген музыкалық орталықты табыс етті.
Сонымен қатар балаларға тәтті торттар және футболшылардың қолтаңбасы қойылған ескерткіш доптарды сыйлады. Интернат тәрбиеленушілері футболшыларға ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында футболшылар ескерткіш суреттерге түсіп, балаларға жарқын болашақ тіледі.